Қазақстан БҰҰ Есірткі заттар комиссиясының жұмысына қатысты

13 Наурыз, 2015 16:21
Вена қаласында БҰҰ Есірткі заттар комиссиясының 58-ші сессиясы өз жұмысын бастады. Сессияның ашылуында БҰҰ Вена бөлімшесінің Бас директоры, БҰҰ Есірткі және қылмыс бойынша басқармасының (ЕҚБ) атқарушы директоры Юрий Федотов және Есірткіге бақылау жасау жөніндегі халықаралық комитетінің Төрағасы Лочан Найду сөз сөйледі.

ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, ЕҚБ бағдарламасы заңсыз есірткі заттар айналымы және оның прекурсорларымен қарсы күресу, 2016 жылғы Әлемдік есірткі мәселесі бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясына дайындалу және т.б. мәселелерді қамтыды.

Сессияның жұмысына ҚР Ішкі істер министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау департаментінің бастығы Сұлтан Құсетов бастаған қазақстандық делегациясы қатысты. С. Құсетов сессия қатысушыларын есірткі, психоактивті заттар және прекурсорлар айналымына қарсы іс-әрекеттер бойынша мемлекеттік саясатымен таныстырды. Сонымен бірге, Ауғанстан мен көрші елдерге арналған аймақтық бағдарлама шеңберінде ҚР және БҰҰ ЕҚБ өзара белсенді ықпалдастығын белгілеп, осы саладағы Орталық Азия аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығының (ОААҮО) елеулі үлесін атап өтті.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының «ҰҚКҰ есірткіге қарсы» тұсаукесері барысында 2014 жылы Қазақстанда түсірілген Халықаралық аймақтық есірткіге қарсы операциялар туралы «Канал» деректі фильмі көрсетілді.

Сессия шеңберінде Қазақстан делегациясы өзге қатысушы елдер делегациялары басшыларымен екі жақты кездесулер өткізіп, өзара мүдделілік танытатын мәселелер талқылады.

БҰҰ Есірткі заттар комиссиясының 58-ші сессиясы өз жұмысын 2015 жылғы 17 наурызға дейін жалғасытырады.

Есірткі заттар комиссиясы – БҰҰ жүйесінің есірткі саласындағы ортақ бақылау саясатын анықтайтын орган. Комиссия мүшелерінің өкілдігі төрт жыл мерзіміне беріледі. Қазақстан 2014-2017 жылдар аралығында ЕҚБ мүшесі болып табылады.

 

Барлық жаңалықтар