• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжіліс Қазақстан мен Тәжікстан арасында мемлекеттік шекара арқылы өткізу келісіміне енген өзгертулерді қарайды

Мәжіліс Қазақстан мен Тәжікстан арасында мемлекеттік шекара арқылы өткізу келісіміне енген өзгертулерді қарайды

13 Наурыз, 2015 12:26
Бүгін Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Халық қалаулыларының назарына мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу мәселелері бойынша заңнамалық жаңа енгізілімдер бірінші оқылымда ұсынылады.

Сондай-ақ, депутаттар жалпы отырыста бірқатар ратификациялық заң жобаларын талқылайды.

Қазақстан мен Тәжікстан және Қытай арасындағы азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісім, сонымен бірге, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау.

Осы күні мәжілісмендерге  «Жол жүрісі туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізу бойынша қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындау және «Өсімдіктер карантині туралы» заң жобасы бойынша жұмысты жалғастыру ұсынылуда.

 

 

Барлық жаңалықтар