Ақтөбеліктер қазақстандық тауарды Ресейге шығармақ

13 Наурыз, 2015 14:34
РФ Оренбург қаласында орналасқан «Еуразия» Қазақстан – Ресей сауда орталығы ақтөбелік тауар өндірушілермен ынтымақтасып, қазақстандық өнімді Ресейде насихаттайтын болады, деп хабарлады ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.

Ресейліктер қазақстандық экспорттаушыларға қолдау көрсетуге дайын. Сауда орталығы директорының айтуынша, қазақстандық компанияларға ресейлік серіктестермен заңдық келеңсіздіктер орнатып беретініне кепілдік беріп отыр.

«Сауда үйінің құрылу мақсаты – кәсіпкерлердің уақытын барынша үнемдеу. Сондықтан да біз Ресей мен Қазақстан кәсіпкерлерінің  заңдық, бухгалтерлік қарым-қатынасын толық орнатқымыз келеді. Қазақстандық өнімді насихаттап, бизнес-жобалардың жүзеге асуына қолғабыс көрсеткіміз келеді», - деді Артем Морозов.

Тараптар «Еуразия» сауда орталығы мен Ақтөбелік кәсіпкерлер арасында ынтымақтастық және өзара қарым-қатынас туралы меморандумға қол қойды.

ҰКП хабарлағандай, тараптар сауда-экономикалық және екі ел кәсіпкерлер арасында ауқымды байланыс тууы мақсатында ынтымақтастық жүргізуге мүдделі. Атап айтсақ, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мен нарықтың кеңеюін қалыптастыру мақсатында бірқатар шаралар ұйымдастырмақ.

Барлық жаңалықтар