- Басты
- Жаңалықтар
- Сарапшылар «Қайырымдылық туралы» заң жобасын талқылады
Сарапшылар «Қайырымдылық туралы» заң жобасын талқылады
Шара барысында елдегі қайырымдылық бастамаларына қолдау білдіру, осы саланы жетілдіру мен дамытуға заңнамалық деңгейде алғышарт жасау мәселелері сөз болды.
Сарапшылардың дерегінше, қазақстандықтардың 0,5 пайызы ғана қайырымдылықпен айналысса, қайырымдылық садақаларының көлемі 300-ден 400 млн. теңгенің аралығын құрайды. Бұл өте аз. Салыстырар болсақ, мұнымен АҚШ азаматтарының 90%-ы айналысады, ал игі мақсаттарға осы елдің ЖІӨ-нің 2 пайызы жұмсалады. CAF (Charity Aid Fondation) ақпаратына сүйенсек, Қазақстан 2014 жылы әлемдік қайырымдылық рейтингісіндегі 135 елдің ішінде 101 орынға тұрақтаған.
Әрине, қайырымдылық қоғамға керек. Әлемдік дағдарыс өрістеп келе жатқанда, халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған бөлігін қорғау аса маңызды. Қайырымдылық саласының дамуы халықтың әл-ауқаты төмен бөліктерінің қорғалу сапасын арттырып, шығармашылықтың, мәдениет пен спорттың дамуына жол ашады. Қайырымдылық азаматтар мен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастырып, қоғам ынтымағының артуы мен адам сүйгіштікке бастайды және түп нәтижесінде адам каптиалы мен ел әлеуетін арттырады. Сондықтан да, «Қайырымдылық туралы» заң аса өзекті.
Талқы нысанына айналға аталмыш заң жобасы елдегі қайырымдылықтың жанданып, қанат жаюына қолайлы алғышарттар қарастырған. Жоба әлі де сараланып, салмақталу үстінде. Бұл орайда, жиын қатысушылары жобаны толықтырып, жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар берді.
Партияның Қоғамдық саясат институты заң жобасында ашықтық пен есептілік тармағын күшейтуге ұсыныс жасады.
«Қайырымдылық қорлары қызметіндегі жабықтықты және жемқорлықтың кез келген көріністерін жою қажет. Бұл партияның 2015 – 2025 жылдар аралығында іске асырылатын жемқорлыққа қарсы іс қимыл бағдарламасында ұсыныс етілген», - деп атап өтті «Нұр Отан» партиясының Қоғамдық саясат институты директорының орынбасары Серік Қожкенов.
Сондай-ақ, ол қаражат көздерін көрсету міндеттемесін қосуды ұсынды. Яғни, бұл меморгандар және мемлекет үлесі бар компанияларға қатысты.
Оның айтуынша, бұл шара мемлекет бюджетінен бөлінетін қаржының тиімді жұмсалуын қамтамасыз етеді.
«Жобаға қайырымдылық ұйымдарының қаражатты тиімді жұмсау талабын қосу аса маңыды», - деп атап өтті Серік Қожкенов.
Өз кезегінде, «Мейірім» қоғамдық қорының директоры Аружан Саин заңның бірінші кезекте әкімшілеуге емес, қайырымдылық саласының дамуына бағытталуы керектігін айтты.
«Ынталандырушы фактор ретінде салықтық стимул енгізуді ұсынамын. Бұл әлемдік тәжірибеде кеңінен таралған», - деді Аружан Саин.
Мәжіліс депутаты Николай Кузьминнің пікірінше, қайырымдылық туралы заңның түпкі өзегі адамдардың игі бастамаларына жол ашудың нақты құқықтық критерилері болуға тиіс. Яғни, адамдардың орынсыз масыл болуына жол бермеу. Бұдан бөлек, депутат заң жобасын іске асыру үшін мемлекет бюджетінен қосымша қаражат керектігін атады.
Талқылау барысында мазмұнды ұсыныстар мен ескертпелер болды. Олардың барлығы да зерттеліп, зерделеніп, бұдан әріде заң жобасын жетілдіруге пайдаланылады.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Сарапшылар пікірі: Оқушылар мен студенттерге қандай дағдыларды дамыту қажет -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек