- Басты
- Жаңалықтар
- 2015 жылы Қазақстанның негізгі капиталына түскен инвестиция көлемі 550 млрд теңгені құрады
2015 жылы Қазақстанның негізгі капиталына түскен инвестиция көлемі 550 млрд теңгені құрады
Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 67-68%-н құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.
2015 жылғы қаңтар-ақпанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 560,8 млрд. теңгені құрды, бұл 2014 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 2,5% артық.
«2015 жылғы қаңтар-ақпанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 2174,8 млрд. теңгені құрды, бұл 2014 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 0,4% артық. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 0,9%, өңдеу өнеркәсібінде 0,3% артты. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 1,9%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 9,8% төмендеді», - делінген хабарламада.
2015 жылғы қаңтар-ақпанда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 156,2 млрд. теңгені құрап, 2014 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 2,4% артты.
2015 жылғы қаңтар-ақпанда «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 106,9%-ды құрды.2015 жылғы қаңтар-ақпанда жүк айналымының көлемі 78,5 млрд. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2014 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 15,5% өсті. Жолаушылар айналымының көлемі 40 млрд. жкм құрап, 2,9% артты.
2015 жылғы қаңтар-ақпанда «Байланыс» саласы бойынша нақты көлем индексі 109,0%-ды құрды.
2015 жылғы қаңтар-ақпанда «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 103,2%-ды құрды.2015 жылғы қаңтар-ақпанда бөлшек сауда көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 857,2 млрд. теңгені құрап, 2014 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 3,9% өсті.2015 жылғы қаңтар-ақпанда көтерме сауда көлемі 1993,7 млрд. теңгені құрап, 2014 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 3% артты.
2015 жылғы қаңтар-ақпанда тамақ өнімдері мен сусындарды ұсыну бойынша қызметтердің көлемі 38,6 млрд. теңгені құрады және 2014 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 8,5% өсті.
2015 жылғы қаңтарда сыртқы сауда айналымы 7526,6 млн. АҚШ долларын құрап, 2014 жылғы каңтармен салыстырғанда 28,9% төмендеді, оның ішінде экспорт – 4808 млн. АҚШ долларын (39,2% аз), импорт – 2718,6 млн. АҚШ долларын құрады (1,8% өсті).
2015 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 355808 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4% артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар – 346891 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 199104-ті құрады, оның ішінде 190636 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан кем).
Тұтыну бағасының индексі 2015 жылғы ақпанда 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 101% құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар – 1,4%, халыққа арналған ақылы қызметтерге – 2,1% өсті, азық-түлік емес тауарларға – 0,6% төмендеді. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2015 жылғы ақпанда 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 17,8% төмендеді.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары