- Басты
- Жаңалықтар
- Танк биатлоны бойынша «Шығыс» ӨҚ чемпиондары анықталды (Фото)
Танк биатлоны бойынша «Шығыс» ӨҚ чемпиондары анықталды (Фото)
«Барлық жүлделі орындарды (1-3 орындарды) 10810 әскери бөлімінің танкшілері жеңіп алды. Өскемен қаласындағы 27943 әскери бөлімінің танк экипажы 4-орынды иеленді. Жеңімпаздарға медальдар, дипломдар және естелік сыйлықтар табыс етілді», - делінген хабарламада.
Жеңімпаздар танк биатлоны бойынша ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің ауқымында өтетін жарысқа дайындалатынын атап өткен жөн. Жаттығу барысында әр танк экипажы өз шеберлігін барынша көрсетуге тырысады. Олар үшін ең бастысы үйлесімділік.
Сондықтан берілген бағытты жылдам бағындырумен қатар 900-ден 2 200 метрге дейінгі қашықтықта орналасқан түрлі нысананы дәл көздеу тек үйлесімді жұмыстың және әр экипаж мүшесінің (танк командирі, дәлдеуші-оператор, жүргізуші-механик) жеке және ортақ міндетті түсінуінің арқасында іске асады.
Естеріңізге сала кетсек, «Танк биатлоны – 2015» биыл жазда Мәскеу маңындағы «Алабино» оқу-жаттығу кешенінің базасында өтеді. Жарыс шеңберінде танкистер төрт кезеңді де (жеке жарыс, спринт және із кесу жарысы, спорттық кезең, эстафета) сәтті аяқтауы қажет.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Инфекционист: БҚО бойынша вакциналау қарқыны жоғары деңгейде жүріп жатыр -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
АХҚО: Қаржы және экономика салалары бойынша олимпиадаға кімдер қатыса алады -
Президент тапсырмасы: Спорт және балалардың шығармашылық әлеуетін қолдау бойынша қандай іс-шаралар іске асты -
Әлемдегі COVID-19: Қазақстан жұқтырғандар саны бойынша әлемдік рейтингте 110-орында -
А. Цой: Қазақстанда COVID-19-дың жаңа үш штамы анықталды -
Елорданың санитарлық дәрігері: CОVІD-19 бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз