СҚО-да деректерді өңдеу орталығы іске қосылды

13 Наурыз, 2015 10:23
Бүгін Петропавлда «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Деректерді өңдеу орталығы пайдалануға берілді. Онда Солтүстік-Қазақстан облысының мемлекеттік органдары серверлік құрылғысын орналастыра алады.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ хабарлағандай, деректерді өңдеу орталығы (ДӨО) Қазақстан Республикасының «Электрондық үкіметі» үшін өңірлік деңгейдегі инфрақұрылымдық алаңы болып табылады, оның барлық тіршілікті қамтамасыз ету инженерлік жүйелері сақтық қорда сақталған. Бұл ДӨО 24х7х365 тәртібінде жұмыс істейтінін, тоқтаусыз жұмыс пен бағдарламалық-аппараттық кешендердің істен шығу төзімділігін 99,749% деңгейінде сақтайтынын және мәліметтерді жүйеге рұқсат етілмеген қолжетімділіктер мен  физикалық бұзылудан сақталуын қарастырады.

 Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Руслан Еңсебаевтың айтуы бойынша,дата-орталық «Ақпараттық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасы мен үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі бағдарламасы аясында іске қосылды. «Бүгінгі күні жоба еліміздің 13 өңірінде жүзеге асырылған.  Жоба Қазақстанда Электрондық үкіметтің әрі қарай дамуының инфрақұрылымдық алаңына айналады. Жылдың соңына дейін ДӨО пайдалануды Алматыда іске қосу жоспарланған» - деп хабарлады Еңсебаев. 

Бүгінгі таңда ДӨО Colocation мен Hosting қызметтерін ұсынады. Colocation қызметі мемлекеттік органдардың құрылғысын орналастыру мен инфрақұрылымның жалға берілуін болжайды. Hosting – бұл тұрақты түрде желіде орналасқан серверде ақпаратты сақтау үшін есептеу қуатын ұсыну бойынша қызметі. 

«ДӨО бұл мониторинг және басқарудың орталықтанған жүйесімен мәліметтерді сақтау мен тарату, өңдеудің бағдарламалық-аппараттық кешендерінің орналасуы мен қызмет етуі үшін құрастырылған қолдау мен сүйемелдеу қызметі бар істен шығуға тұрақты кешендік инженерлік инфрақұрылым», - делінген хабарламада.

 

Барлық жаңалықтар