- Басты
- Жаңалықтар
- «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында жаяу әскер жауынгелік машинасының үздік көздеуші – операторы таңдалды (Фото)
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында жаяу әскер жауынгелік машинасының үздік көздеуші – операторы таңдалды (Фото)
«Отар» қырықыншы әскери базасының «Матыбұлақ» полигонында тәжірибе оқу-жаттығуыөтті. Көздеуші-операторлардың негізгі міндеті техниканың осы түрінің бар мүмкіндігін қолдану арқылы дәл және тиімді атумен шартты қарсыласты зақымдау болды.
Екі жүзден астам әскери қызметші Қазақстан армиясының Құрлық әскерлері қару-жарағы сапындағы қуатты жауынгерлік техниканы басқару дағдыларын көрсетуге тырысты. Оқу-жаттығуға БМП-2 үлгісіндегі он екі жаяу әскер жауынгерлік машинасы тартылды. Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша 85395 әскери бөлімнің (Тараз қаласы) әскери қызметшісі кіші сержант Тегешев Еркебұлан үздік шықты.
Екінші орынды 42062 әскери бөлімінің (Луговое кенті) әскери қызметшісі аға сержант Райымқұлов Нұрсұлтан, үшінші орынды 35748 әскери бөлімінің (Шымкент қаласы) әскери қызметшісі сержант Жүнісбеков Рамазан иеленді Естеріңізге сала кетсек, үстіміздегі жылдың ақпан айында осы полигонда атыс қаруынан және жаяу әскер жауынгерлік машинасы (БМП) атыс қаруынан атыс даярлығы бойынша сабақтар өткен болатын.
Олардың ішінде 20-дан астам техника, 25 БМП экипажы, 250 офицер және келісімшарт бойынша әскери қызметшілер тартылды. Тәжірибелік сабақтар атыс қаруынан ату бойынша жеке құрамның дағдыларын бекіту және жаяу әскер жауынгерлік машинасы экипажының әрекетін шыңдау, сондай-ақ олардың шеберлігін жетілдіру үшін өткізілді.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Күзгі әскерге шақыру науқаны қалай ұйымдастырылады -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Электронды коммерция: өңірлік және ішкі дамуды ынталандыру -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары