- Басты
- Жаңалықтар
- Өскеменде ҰОС Жеңісінің 109 батырына арналған әдеби көрме ашылды (Фото)
Өскеменде ҰОС Жеңісінің 109 батырына арналған әдеби көрме ашылды (Фото)
Қазақстанның барлық аймақтары ішінен жоғары атақты ең көп алған шығысқазақстандық – 109 солдат пен офицер. Олар соғыстың барлық майдандары мен әскери бөлімшелерінде шайқасқан. Брест қорғаны, Минск, Ленинград, Смоленск, Одесса, Севастополь, Тула, Киев т.б. Бұл тек жаудың жолын бөгеген бекініс-қалалар ғана емес, жүздеген батырдың жанкештілік пен даңқты ерлігінің межесі.
Мәскеу үшін шайқаста Панфилов дивизиясының даңқы шықты, оның құрамында болған шығысқазақстандық Төлеген Тоқтаровтың аты аңызға айналды. Сталинград түбіндегі ұрыста 38-атқыштар дивизиясы ерлігімен көзге түсті. Оны басқарған шығысқазақстандық Ғ. Б. Сафиуллин қараусыз қалған көше баласынан Кеңес Армиясының командиріне дейінгі қилы тағдырды басынан өткерген тұлға. Сондай-ақ, Днепрден өткенде ұрыстарға қатысқан 42 шығысқазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған.
Кітапхана қызметкерлерінің айтуынша, көрмеге қажетті материалдар мен кітаптарды, тарихи құндылықтарды іздеу барысында шығысқазақстандық Кеңес Одағы батырларының қай майданда ерлік көрсеткендігі, бірінші болып қай майдангер атаққа ие болғаны сынды деректер табылған. Жеңістің 70 жылдық мерейтойына орай, жыл бойы жұмыс істейтін көрмені қызығушылық танытушылар демалыс күндері де келіп тамашалай алады.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті