• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысында негізгі күш сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясына жұмылдырылған

Ақмола облысында негізгі күш сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясына жұмылдырылған

13 Наурыз, 2015 09:51
Қазақтан Республикасының 2015-2025 жылдарға бағытталған жемқорлыққа қарсы стратегиясын түсіндіру мақсатында Ақмола облысында мәжілістер ұйымдастырылуда, деп хабарлайды «Ақмола Медиа Орталығы».

Астрахань ауданында  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Ақмола облысы бойынша департаментінің арнайы бөлімінің жетекшісі Жасұлан Азберкенов ауылдық округ әкімдерінің, аудандық қызмет жетекшілерінің, мемлекеттік қызметкерлердің, бюджеттік мекеме басшыларының және кәсіпкерлердің қатысуымен  мәжіліс өткізді.

Жасұлан Азберкенов онда жемқорлықпен күреске бағытталған шаралар мен мемлекеттік қызметті жетілдіру  туралы және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментінің негізгі қызметтері жөнінде айтып берді. Мәжілістің қорытындысы бойынша барлық күш-жігерді мемлекеттің берік негізін нығайтуға жұмсау қажет деген шешім қабылданды.

  

Барлық жаңалықтар