• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның 6 мың қызметкері Н. Назарбаевтың өз кандидатурасын ұсынуына байланысты үндеу қабылдады

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның 6 мың қызметкері Н. Назарбаевтың өз кандидатурасын ұсынуына байланысты үндеу қабылдады

12 Наурыз, 2015 20:19
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да ҚР Президентіне үміткерлікке кандидатурасын ұсынған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты қолдау мақсатында ұжымдық жиналыс өтті, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мыңдаған ұжымы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың алдағы өтетін президент сайлауына қатысу туралы жаңалығын үлкен шабытпен қабылдады. Маңғыстау мұнайшылары Елбасының сенімді тірегі мен тіреуі болды және әрі қарай да бола береді, еліміздің қоғамдық және саяси өміріне белсенді қатысып келеді, Қазақстанның беделін нығайтуға және халықтыі тұрмыс-тіршілігін көтеруге бағытталған Президентіміздің шешімдері мен жоспарларын бірауыздан қолдайды!  Бұл бағдарлама көптеген жаңа жұмыс орындарының ашылуына және еліміздің өркендеуі мен экономикасының өсуіне негіз болады. 

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ ұжымы жиналыстан кейін Н. Назарбаевтың ҚР Президентіне үміткерлікке өз кандидатурасын ұсыну туралы шешіміне толық келісімдерін білдіру мақсатында Үндеу қабылдады.

Барлық жаңалықтар