Индустрияландыру орта тапты қалыптастырудың негізіне айналады

12 Наурыз, 2015 20:23
Индустрияландыру орта тапты қалыптастырудың негізіне айналады, деп мәлімдеді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының кезекті XVI съезінде.

«Кәсіби мемлекеттік қызмет пен заңның басымдылығы орта таптың жедел қалыптасуы үшін экономикалық реформаларға қолайлы жағдай жасайды. Сапалы өсім мен экономиканы әртараптандыруға шығу үшін индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асырудамыз. Индустрияландыру – ол экономика құралы ғана емес, орта тапты қалыптастырудың негізіне айналуда», - деп атап өтті Елбасы.

Бұдан басқа Президент экономиканың даму негізі ретінде ауыл шаруашылығы секторын атап өтті, бұл салада ағымдағы жылы трансұлттық компаниялардың қатысуымен 10 жоба жүзеге асырылады.

Естеріңізге сала кетейік, 11 наурызда Астанада Елбасы, Партия көшбасшысы Н.Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының XVІ съезі өтті, оған еліміздің барлық өңірінен келген 1200-ден астам делегат қатысты. 

Барлық жаңалықтар