Аграрлық секторға қосымша 20 млрд теңге бөлінеді

12 Наурыз, 2015 20:08
Аграрлық секторға қосымша 20 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлады ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-экономикалық даму және ғылым комитетінің мүшесі Аңсар Мұсаханов.

«Азық-түлік өнімдеріне деген жаһандық сұраныстың артуы, тамақ өнімдеріне ұзақмерзімді бағаның өсуі, дамыған елдердің халық санының артуы, климаттың өзгеруі Қазақстандағы ауыл шаруышылығының дамуына серпін беруде. Осы дамуды сақтап қалу үшін  бюджетті қосымша 20 млрд теңгеге арттыру көзделуде» - деді Мұсаханов.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру аясында аграрлық секторда трансұлттық компаниялардың қатысуымен 10 жоба жүзеге асырылады. 

Барлық жаңалықтар