• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада мемлекеттік секторға талант-менеджмент жүйесін енгізу жөнінде семинар өтіп жатыр

Астанада мемлекеттік секторға талант-менеджмент жүйесін енгізу жөнінде семинар өтіп жатыр

12 Наурыз, 2015 19:23
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Талант-менеджментті мемлекеттік секторға енгізу(мемлекеттік басқару)» атты тақырыптағы үшкүндік семинар басталды

Аталмыш шараны канадалық халықаралық сарапшы Дэрэк Брайан Марсон жүргізуде.

Семинар барасында халықаралық сарапшы мемлекеттік және жеке секторлардағы талант-менеджменттің басты қағидалары мен осы саладағы үздік деген тәжірибемен таныстырды.  

Сондай-ақ аталмыш жүйедегі кемшіліктердің орнын толтыру мен оның тиімділігіне қатысты да мәселелер жөнінде ақыл-кеңес беруде.

Канадалық сарапшы Брайан Марсон азаматтардың мемлекеттік қызметтерге деген қанағат сезімінің деңгейін анықтайтын бағдарламаның авторы. Бұл бағдарлама аз ғана мерзімде мемлдекеттік қызметтердің сапасын арттырып,  оған азаматтардың қанағаттануларына мүмкіндік беретін шараларды қарастырып, мемлекеттік қызметтің жұмыс тиімділігін көтеруге мүмкіндік береді.    

Бүгін канадалық мейман Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің өкілдерін осы бағдарламаның қыр-сырымен таныстырып, мемлекеттік сектордағы ұйымдардың еңбек өнімділігін арттыру мен осы сектор өкілдерінің еңбек өнімділігіне деген сенімін арттыру бағытындағы жұмыстар жөнінде жан-жақты әңгіме өрбітеді.    

 

Барлық жаңалықтар