• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Президенті Қазақстан мен Македония арасында қосарланған салық салуды болдырмау туралы заңға қол қойды

ҚР Президенті Қазақстан мен Македония арасында қосарланған салық салуды болдырмау туралы заңға қол қойды

12 Наурыз, 2015 16:01
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Македония Республикасының Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы «Кеден одағына мүше мемлекеттер болып табылмайтын, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттермен өзара саудадағы техникалық кедергілерді жою туралы Кеден одағына мүше мемлекеттердің келісімін ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.

Барлық жаңалықтар