• Басты
  • Жаңалықтар
  • А. Башмаков: «Нұр Отан» партиясының XVI съезі Қазақстан үшін маңызды оқиғаға айналды

А. Башмаков: «Нұр Отан» партиясының XVI съезі Қазақстан үшін маңызды оқиғаға айналды

12 Наурыз, 2015 15:57
«Нұр Отан» партиясының XVI съезі Қазақстан өмірінде маңызды оқиғаға айналды. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Анатолий Башмаков хабарлады.

«Мен бұл съезді маңызды оқиға деп атар едім. Ол үшін екі себеп бар, бірінші кезекте 26 сәуірде өтетін сайлауға біздің партия өз кандидатурасын ұсынды. Ал, екінші  себеп ретінде Елбасы жариялаған бағдарламаны айтар едім. Бұл тезистер ҚР Президенті Н.Назарбаевтың сайлау алды компаниясының негізіне кіреді», - деп мәлімдеді А. Башмаков.

Сонымен қатар, ҚХА төрағасының орынбасары Н.Назарбаевтың 5 институционалды реформасын қазақстандық қоғамның одан ары дамуының қуатты сегменті деп атады.

«Бірінші кезекте Н.Назарбаев өзінің Президент және адам ретінде жүйелі екенін растады», - деп толықтырды Башмаков.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада «Нұр Отан» партиясының XVI съезі өтті, онда бірауыздан Н.Назарбаев ҚР Президенттігіне ұсынылды.

«Бұл 5 реформа бірлесіп қазақстандық мемлекеттілікті нығайтуға және оның әлемнің 30 дамыған мемлекетінің қатарына енуіне жағдай жасайды. Бұл жол «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыруға алып келеді. Реформалардың табыстылығы билік пен халықтың табандылығының арқасында ғана болуы мүмкін», - деді Н. Назарбаев кешегі «Нұр Отан» партиясының съезінде.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар