«Тұлпар-Talgo» жұмысшылары Н. Назарбаевтың кандидатурасына қолдау білдірді

12 Наурыз, 2015 15:52
Бүгін Астана қаласындағы «Тұлпар-Talgo» жолаушылар вагонын құрастыру зауытында «Нұр Отан» партиясының XVI съезінің Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын кезектен тыс Президент сайлауына ұсыну туралы шешімін қолдауға арналған жиын өткізді.

Тұлпар-Talgo» ЖШС жұмысшылары зауытта жиналып, алдағы кезектен тыс Президент сайлауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдайтындарын білдірді.

«Біз «Тұлпар-Talgo» ЖШС жұмысшылары кешегі «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде ұсынылған Нұрсұлтан Назарбаевтың Президент сайлауына қатысу кандидатурасын қолдаймыз. Бүгін, міне, ұжым болып жиналып, бір ауыздан қолдайынымызды айтуға жиналып тұрмыз. Өздеріңіз білесіздер, «Тұлпар-Talgo» зауыты Елбасымыздың қатысуымен ашылған болатын. Біздің зауыт үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының бірінші және екінші кезеңінде өзінің даму тенденсиясын әрі қарай жақсарт үстінде. Сондықтан осындай елімізді алға бастап келе жатқан Нұрсұлтан Әбішұлын алдағы 26 сәуірде өтетін кезектен тыс Президент сайлауында қолдайтынымызды айтқымыз келеді», - деді «Тұлпар-Talgo» ЖШС-ның кәсіподақ комитетінің төрағасы Төлеген Күнәділов.

 

 

 

Барлық жаңалықтар