• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Президенттігіне үміткер Қ.Турагелдиев мемлекеттік тілді меңгеруі бойынша емтихан тапсырды

ҚР Президенттігіне үміткер Қ.Турагелдиев мемлекеттік тілді меңгеруі бойынша емтихан тапсырды

12 Наурыз, 2015 15:37
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қанат Сбашұлы Турагелдиевтің мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның отырысы болды, деп хабарлады ҚР ОСК.

Отырыстың қорытындылары бойынша лингвистикалық комиссия ашық дауыс беру арқылы бірауыздан Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қанат Сбашұлы Турагелдиевтің мемлекеттік тілді еркін меңгергені туралы шешім қабылдады.

Лингвистикалық комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбеков қабылданған шешімді жариялай отырып: «Бүгін мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау рәсімінен Президенттіктен үміткер Қанат Турагелдиев өтті. «Отты жылдар тағлымы» тақырыбындағы шығармасында жеті қате жіберілген, бірақ тақырып толық қамтылып, жақсы әдеби деңгейде мазмұндалған. Сондай-ақ үміткер Фариза Оңғарсынованың поэзиясын таңдай отырып мәнерлеп оқу машықтарын жетік меңгергендігін көрсетті. Үшінші тапсырмада – көпшілік алдында сөз сөйлеу кезінде, үміткер «Халық тарихы және рухани жәдігерлер» тақырыбын дәйекті және толық баяндай отырып, жан-жақты ашты, өзінің бай сөздік қорын паш етіп, материалды эмоциялы жеткізе білді» деп мәлімдеді.

 

Барлық жаңалықтар