2014 жылы Ақмола облысында жалпы өнімнің өсімі 1,5 миллиард теңгені құрады

13 Наурыз, 2015 08:51
2014 жылы Амола облысындағы жалпы өнімнің өсімі 2013 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 0,6 пайызды құрап, 1,5 миллиард теңгеге жетті, деп хабарлайды «Ақмола Медиа Орталығы»

"Ақмола облысындағы агроөнеркәсіп кешені субъектілерін мемлекеттік қолдау жыл сайын ұлғайып келеді. 2015 жылы аталмыш салаға бөлінетін субсидия көлемі 2006 жылмен салыстырғанда 7 есеге ұлғайып, бүгінгі таңда 14,9 миллиард теңгені құрап отыр», - делінген хабарламада.

Мемлекеттік қолдаудың арқасында 2014 жылдың қорытындылары бойынша ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімнің өнімділігі 238,8 миллиард теңгеге жетті. Оның ішінде: өсімдік шаруашылығына бөлінген қаржы – 165,2 миллиард теңгеге,  мал шаруашылығы – 73,2 миллиард теңгеге жеткен. Нақты көлем индексі 102,2 пайызды құрады.   

Жыль сайынғы мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар облыстың агрөнеркәсіп кешенінің субъектілеріне егін шаруашылығын дамытып, өсімдік шаруашылығын әртараптандырып, ауыл шаруашылығы техникалар паркін жаңартуға мүмкіндік беріп отыр.  

Бүгінгі таңда аймақтағы шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындары  мал шаруашылығын дамытуда жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп отыр. Малдың барлық түрлері мен тұқымдарының сапасы артуда. Айталық МІҚ 12,5 пайызға артса, жылқы, 10,5 пайызға, қой мен ешкі 7,1 пайызға, құстар  51,1 пайызға,  сүт өндіру  29,7 пайызға, ет 28,4 пайызға, жұмыртқа 13,6 пайызға көбейген.  

  

 

Барлық жаңалықтар