- Басты
- Жаңалықтар
- Г.Әбдіқалықова БҰҰ балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілімен кездесті
Г.Әбдіқалықова БҰҰ балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілімен кездесті
Кездесу барысында балаларды қорғаудың өзекті мәселелері, білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму салаларындағы ынтымақтастықтың алдағы келешегі талқыланды.
Г.Әбдіқалықова Ю.Оксамитныйды осы лауазымға тағайындалуымен құттықтап, Қазақстан мен ЮНИСЕФ арасындағы табысты ынтымақтастықтың жалғасатынына сенім білдірді.
Мемлекеттік хатшы ЮНИСЕФ-тің әлемдегі және Қазақстандағы балалардың жағдайын жақсартудағы маңызды рөлін, сондай-ақ елдегі мемлекеттік органдар БҰҰ-ның даму мақсатында көмек көрсету жөніндегі негіздемелік бағдарламасын (ЮНДАФ) орындау бағытында белсенді жұмыс жүргізіп отырғанын атап өтті.
ЮНИСЕФ-пен өзара байланыс арқылы және 2010-2015 жылдарға арналған Елдік бағдарламаның аясында отбасы мен қоғамның әлеуетін нығайту, әлеуметтік және басқару саясатын әзірлеу, әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар табысты жүзеге асырылуда. Бағдарлама басымдықтарының бірі Оңтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстарының, бұған қоса Семей сынақ алаңы мен Арал аймағындағы балалардың жағдайын жақсарту болып табылады.
Ел Үкіметі тарапынан БҰҰ-ның балалар құқықтары жөніндегі комитеті ұсынымдарын орындауға, ювеналдық юстиция жүйесін дамытуға, балалар еңбегін қанаудың алдын алуға, жетім балаларға қатысты отбасы тәрбиесінің баламалы түрлерін енгізуге, мүгедек балаларды айрықша мұқтаж нәрселермен қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қабылдануда.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты -
ІІМ: Балалардың жолдағы қауіпсіздік шаралары -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 2 есеге өскен -
Қазақстандағы миграцияның негізгі тенденциялары -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 4 есеге артты -
COVID-19: Қазақстандағы эпидахуал, «қызыл» аймақтағы өңірлер және вакциналау барысы -
Қазақстандағы эпидахуал: Елорда мен аймақтарда карантин шаралары күшейтілмек