- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҚМ десантшылары 60 шақырымға шеру жасады
ҚР ҚМ десантшылары 60 шақырымға шеру жасады
Таң сәріде 32363 әскери бөлімі десанттық-шабуылдау батальонының ұлан капитаны Ерік Айдаровтың басшылығымен бригада алға жылжыды. Ал кешке 60 километрді жаяу бағындырған әскери қызметшілер тұрақты орналасу орнына қайта оралды.
Қашықтықты бағындыруда сарбаздар қосымша жүктермен, яғни бронекеудешелер, зат қапшықтар, дулығалар, автоматтармен толық жабдықталды. Жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес Аэроұтқыр әскерлерінің десанттық-шабуылдау бөлімшесі көп километрлі шеруді ай сайын жасауы тиіс.
« Осындай шерулер төзімділікті шыңдау, мінезді ширату және тұлғаның сымбатын арттыру мақсатында өткізіледі. Аталмыш жағдайда сарбаздың ұжымдық, әскери бауырластық сезімдері, өз кәсібіне және Аэроұтқыр әскерлеріне деген мақтанышы арта түседі. Десантшылар өз міндеттерін үздік атқарды, ешкім қашықтықтан қалыс қалмай, бірыңғай сапта келді», – деп атап өтті десанттық-шабуыл бригадасы командирінің тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары майор Талғат Өзехан.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
А. Цой: Тамыз-қыркүйек айларындағы эпиджағдайға болжам жасады -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ҚМ: Жалпы ішкі өнім 2,6%-ға төмендеді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Экономикалық зерттеулер институтына - 60 жыл