- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандықтардың білім беру үдерісінде 21 ғасырдың дағдылары қолданылатын болады
Қазақстандықтардың білім беру үдерісінде 21 ғасырдың дағдылары қолданылатын болады
Мәміле білім беру саласын өзгерту, оқыту үрдісінде инновациялардың қолданылуына көмектесу, сондай-ақ, 21 ғасырдың дағдыларын жетілдіру және жастарды еңбекке орналасуға дайындау секілді білім беру саласының бірнеше бағыттары бойынша бірлескен жұмысты жүргізуді көздейді.
Мәміледегі басқа бастамалар оқыту үрдісінде инновацияларды қолдануға жәрдемдесуге арналған. Атап айтқанда, Қазақстанда қазірдің өзінде жастардың технологиялық дағдыларын дамыту жөніндегі дүниежүзілік бағдарлама және Microsoft Imagine Cup байқауы, Microsoft DreamSpark бағдарламасы (оның шеңберінде студенттерге әзірлеме жасаудың кәсіби құралдары тегін беріледі), сондай-ақ, жастардың әлеуетін ашуға көмектесуге, оларды еңбекке орналасу және өз бизнесін жүргізуге дайындауға бағытталған Microsoft-тың YouthSpark атты жаһандық бастамасы жүзеге асырылуда.
Microsoft-тың Мұғалімдерді Оқыту Бастамасы педагогикалық жоғарғы оқу орындарының оқытушыларын оқыту үрдісінде технологияларды тиімді пайдалануға үйретуге бағытталған. Microsoft IT Academy бағдарламасы – бұл бүкіл әлемде мойындалған технологиялық білімді қамтамасыз ететін және студенттерге, оқытушылар мен қызметкерлерге арнап сертификаттауды ұсынатын кешенді оқу бағдарламасы. Microsoft Kazakhstan пен ҚР БҒМ-нің бірлесе жүзеге асыратын осы екі жұмыс бағыты 21 ғасыр дағдыларын жетілдіру жобасының ішіне біріктірілген.
«ҚР БҒМ және Microsoft Kazakhstan білім беру саласындағы ақпараттық технологиялардың қолжетімділігін жетілдіру және қолданылу аясын кеңейту қажет екенін түсінеді, - деп атап өтті Microsoft Kazakhstan компаниясының білім беру органдарымен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Жанар Рақымжанова.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары