• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2014 жылғы стационарлар рейтингінде Қызылорда қаласының облыстық медициналық орталығы көш бастады

2014 жылғы стационарлар рейтингінде Қызылорда қаласының облыстық медициналық орталығы көш бастады

12 Наурыз, 2015 16:39
Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы 2014 жылдың қорытындылары бойынша республика стационарларының рейтингісін жариялады.

Орталық хабарлағандай, ДСДРО сарапшылары еліміздің 94 көп профильді стационарларына баға берді. Оладың арасында 15 – облыстық, 49 – қалалық, аймақтардағы 15 мамандандырылған балалар ауруханалары мен қалалардағы 15 балалар стационарлары бар. Рейтинг ауруханалардың әр түрі бойынша  жеке жасалды.

Медицина мекемелерін бағалау, бекітілген критерийлерге негізделіп анықталды. Оларға – өлім-жітім көрсеткіші, осы ауруханалардағы медициналық қызмет сапасы, ұсынылған қызметтердің пациент көңілінен шыға білуі және т.б. жатады.

Ауруханалар  қызметіне баға беру қорытындылары бойынша, ересектерге арналған көп профильді стационарлар арасында бірінші орынды – Қызылорда қ. облыстық медициналық орталығы, екінші орынды – Қостанай облыстық ауруханасы, ал үшінші орынды – Атырау қ. облыстық ауруханасы иеленді. Тізім соңындағы соңғы орын – Жамбыл облыстық ауруханасына тиесілі болды.

Қалалық көп профильді ересектерге арналған стационарлар рейтингісі келесідегідей болды: бірінші орын – Астана қ. № 1 қалалық ауруханасы, екінші орын – Қостанай қалалық ауруханасы, үшінші орын – Рудный қалалық ауруханасы. Аталмыш тізімдегі соңғы орынға Алматы облысының Текелі қаласының стационары тұрақтады.  

Облыстық көп профильді балалар стационарлары арасында Маңғыстау облыстық балалар ауруханасы көш бастады. Одан кейінгі орынға Батыс Қазақстан облыстық көп профильді балалар ауруханасы жайғасса, үшінші орын – Қарағанды облысының клиникалық балалар ауруханасында болды. Тізімді Алматы аймақтық клиникалық балалар ауруханасы бекітті.   

Үздік қалалық көп профильді балалар стационарларына  – Қарағанды облысы Теміртау қ. балалар ауруханасы, Алматы қ. №2 қалалық клиникалық балалар ауруханасы мен Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қалалық балалар ауруханасы деп танылды.

Тізімдегі соңғы орынға Қарағанды қ. балалар ауруханасы тұрақтады. 

Медициналық мекемелерге баға беру – ДСДРО  мамандарымен  жыл сайын өткізіледі.  Басты мақсат – республика халқына медициналық ұйымды еркін таңдау мүмкіндігін беру және аймақтардағы менеджмент жағдайын анықтау. 

 

Барлық жаңалықтар