• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ә. Исекешев: 2015 жылы 3 млрд 260 млн теңге Қазақстанда мұнай мен газды барлауға бағытталады (Фото)

Ә. Исекешев: 2015 жылы 3 млрд 260 млн теңге Қазақстанда мұнай мен газды барлауға бағытталады (Фото)

12 Наурыз, 2015 10:37
2015 жылы 3 млрд 260 млн теңгеден астам қаражат мұнай мен газдың жаңа кен орындарын барлап-iздеу жұмыстарына бағытталады. Бұл туралы бүгiн Астанада өтiп жатқан «Kazakhstan Geology Forum, Oil & Gas» халықаралық форумы барысында ҚР Инвестициялар мен даму министрi Әсет Исекешев мәлiм еттi.

«2015 жылы республикалық Ұлттық қордан  326 млн теңге мұнай мен газдың жаңа кен-орындарын іздеп табуға бағытталады. Атап айтсақ, геофизикалық зерттеуге екі тірек скважина беру жоспарланған. Мемлекет тарапынан зерттелген аймақтар берілетін болады», - деді министр.

Исекешев атап өткендей, бюджеттік бағдарламалардың оңтайлауына қарамастан геобарлау  саласына өткен жылғыға қарағанда қаржы көп бөлінеді.

«Соңғы екi-үш жылда геологиялық барлауды дамыту бойынша кешендi iс-шаралар қолға алынды, арнайы бағдарлама әзiрлендi. Қазiр салаға халықаралық стандарттарды ендiру бойынша жұмыс жүргiзiлуде. Қазба байлықтары туралы заң қабылданды, ол биылғы жылдан күшiне ендi. Заң негiзiнен қатты пайдалы қазбаларды қамтиды, көптеген мәселелер мұнай-газ саласына қатысты», - деп хабарлады Ә.Исекешев. 

Министр атап өткендей, 2015 жылы республикалық бюджет пен Ұлттық қордан 3 млрд 260 млн теңге мұнай және газ бойынша жаңа iздеу жұмыстарын қаржыландыруға бағытталады. 

«Айта кету керек, мемлекет есебiнен қаржыландырылатын жұмыстар инвесторларды тарту қиындық тудыратын аз зерттелген аумақтарда жүргiзiледi», - деп қосты ол. 

«Kazakhstan Geology Forum, Oil & Gas» халықаралық форумына Қазақстан, Канада, Нидерланды, Ресей, Өзбекстан, Беларусь, Франция, Ұлыбритания, Германияның 70-тен астам компаниясының өкiлдерi жиналды.

Индира Қауметова 

Суретке түсірген Азамат Әлиев 

Барлық жаңалықтар