• Басты
  • Ұ.Қарабалин: Қазақстан 2040 жылға қарай энергоресурстарды тұтыну көлемі 1,5 есе артады деп болжауда
12 Наурыз, 2015 10:26

Ұ.Қарабалин: Қазақстан 2040 жылға қарай энергоресурстарды тұтыну көлемі 1,5 есе артады деп болжауда

Болжам бойынша 2040 жылға қарай энергоресурстарды тұтыну көлемі 1,5 есе артады, деп хабарлады ҚР энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин «Kazakhstan Geology Forum, Oil & Gas» 1-ші халықаралық мұнай мен газда геологиялық барлау форумында.
Ұ.Қарабалин: Қазақстан 2040 жылға қарай энергоресурстарды тұтыну көлемі 1,5 есе артады деп болжауда

«Өткен жылдың қорытындысы бойынша мұнайға деген әлемдік сұраныстың жаңа рекорды орнатылды, тәулігіне 92,5 млн баррель. Естеріңізге сала кетейік, 1990 жылы сұраныс тәулігіне 66 млн баррельге жуық шамада болды, ал 2000 жылы  76 млн. құрады.  Болжам бойынша 2040 жылға қарай энергоресурстарды тұтыну көлемі 1,3-1,5 есе артады», - деп мәлімдеді Қарабалин.

Осы ретте, вице-министр атап өткендей, қазақстандық мұнай мен газ саласы әлеуетті өсімнің драйвері болып табылады. «Елбасы «Қазақстан-2050» стратегиясында дәстүрлі энергия көздерінің маңыздылығын атап өтіп, жаңа өндіру тәсілдерінің қажеттілігін баса айтты», - деп жалғастырды Қарабалин.

Сонымен қатар, Ұ.Қарабалин  толықтырып өткендей, ведомствоның желісі бойынша көмірсутегі шикізаты саласында жер қойнауын пайдалану үшін бүгінде 203 келісім жасалды, оның 59 барлау, 64 өндіру, 68 барлау мен өндіруді бірлесіп жүргізу және 12-і ӨБК негізіндегі келісімшарттар.

Айта кетерлік жайт, «Kazakhstan Geology Forum, Oil & Gas» халықаралық форумына Қазақстан, Канада, Нидерланды, Ресей, Өзбекстан, Беларусь, Франция, Ұлыбритания, Германияның 70-тен астам компаниясының өкiлдерi жиналды.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар
3.238.147.211, 192.168.88.100