- Басты
- Жаңалықтар
- Сантьягода Қазақстан-Чили қатынасы талқыланды
Сантьягода Қазақстан-Чили қатынасы талқыланды
ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, Б. Ордабаев Э. Муньості Қазақстанның қазіргі әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайымен, Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидаларымен таныстырып, ү. ж. 26 сәуірде Қазақстанда өтетін кезектен тыс президенттік сайлауы секілді маңызды ішкі саяси шаралар туралы хабардар етті.
Э. Муньос ақпарат үшін алғысын білдіріп, «Күрделі кезеңде елдің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуді көздеген бұл құжаттың өзектілігі мен уақытылығы айқын. Чили Қазақстанды әлем қауымдастығында ерекше орынға ие қазіргі заманға сай әрі бәсекеге қабілетті ел ретінде таниды» деді.
Тараптар, сонымен қатар, екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. ҚР сыртқы саясатының басым бағыттары, соның ішінде 2017-2018 жж. БҰҰ ҚК Тұрақты емес мүшесі болуына Қазақстан кандидатурасын қолдау мәселесі көтерілді. Э. Муньос Чилидің Қазақстанмен белсенді ынтымақтасуға ниетін білдіріп, әріптесі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Е. Ыдырысовқа ізгі тілектерін жолдады.
Қазақстандық дипломат Чили министрін Қазақстанда биыл жоспарланған Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, ҚР Конституциясының 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V Съезі секілді өзге маңызды шаралар туралы хабардар етті.
-
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Елордада ЖОО-лардағы білім сапасын арттыру мәселесі талқыланды -
COVID-19: Чехияда төтенше жағдай 14 ақпанға дейін ұзартылды, ал Португалия Ұлыбританиямен әуе қатынасын тоқтатпақ -
Сайлау-2021: Жас жұбайлардың, аттылардың сайлауға қатысуы желіде қызу талқыланды
-
Үкімет отырысында су ресурстарын тиімді пайдалану мен үнемдеу мәселесі талқыланды -
Жоғары оқу орындарындағы білім сапасы талқыланды -
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа әдіс-тәсілдер талқыланды -
БҚО-дағы ауыл әйелдерінің форумы: Ауылда кәсіп ашудың мүмкіндіктері талқыланды -
Қоқысты сұрыптау мәдениетін қалыптастыру мәселесі талқыланды -
Қашықтан оқытудағы сын-қатерлер талқыланды -
Бұқаралық спортты дамыту саласының проблемалары талқыланды -
Журналистерді даярлау: салалық журналистика, кадр тапшылығы, журналистік этика мәселесі талқыланды -
"Тамыз" кеңесі: мұғалімдердің жалақысы, қомақты сыйақысы және баспана мәселесі талқыланды -
Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының қоқыстан ластану жағдайы талқыланды -
Мәжілісте ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қатысты заң жобасы талқыланды