Астанада ТМД елдері теміржолдағы қауіпсіздік мәселесін талқылды

12 Наурыз, 2015 11:54
Астанада Тәуелсіз мемлекеттер достығының Теміржол көлігі кеңесінің комиссиясының теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздігі мәселелері бойынша бесінші отырысы өтті, деп хабарлады «ҚТЖ»ҰК»АҚ.

Келелі кеңеске ТМД, Латвия, Литва Эстония елдерінің теміржол әкімшілігінің өкілдері келді. Ал, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы шараны ұйымдастырды.

Ұлттық компаниядан атап өткендей, Теміржол көлігі кеңесі пойыздар қозғалысының ортақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдарын жасақтауда басты роль атқарады. Бүгінде бұл салада бірлескен әрекеттердің арқасында бірқатар мәселелер шешімін тауып, жақсы нәтижелерге қол жеткізілді.

«Алқа мәжілісінде бірқатар әдістемелердің жобалары таныстырылды. Сонымен қатар, локомотивтермен, вагондарды жөндейтін кәсіпорындарды атестациялау және Қазақстан, Ресей, Белорусия елдерінде теміржол көлігінің қауіпсіздік сертификатын енгізу мәселелері талқыланды», - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар