• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚТЖ-да Қазақстан, Ресей және Беларусь темір жолының нормативтік және техникалық құжаттар базасын жасалмақ

ҚТЖ-да Қазақстан, Ресей және Беларусь темір жолының нормативтік және техникалық құжаттар базасын жасалмақ

12 Наурыз, 2015 15:04
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да Қазақстан, Ресей және Беларусь темір жолының нормативтік және техникалық құжаттар базасын жасау Жұмыс тобының отырысы өтуде. Отырыс 13 наурызға дейін жалғасады, деп хабарлады «ҚТЖ» АҚ.

Өткен жылы ақпанда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Ресей темір жолдары» ААҚ, «Белоруссия темір жолы» ММ арасында техникалық реттеу мен метрология саласы бойынша Келісімге қол қойылды.

«Аталмыш құжатта жұмыс тобының Ережесі мен құжаттарды ақпараттық алмасуды ұйымдастыру Тәртібі бекітілді. Жұмыс тобының отырысында темір жол көлігіндегі нормативтік және техникалық құжаттары, стандарттарды қолдау құжаты, Кеден Одағы аясындағы техникалық регламент талабын қамтамасыз ету мәселелері қаралуда. Осы регламенттер талабы бойынша қазіргі заманғы мемлекетаралық стандарттарды қамтамасыз ету көзделеді», - делінген хабарламада.

Астанадағы отырысты «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері –басқарушы директоры Серік Төлебаев алғы сөзбен ашты. Оның айтуынша, жұмыс тобының атқарып жатқан жұмысы барысында техникалық реттеу мен метрология, техникалық кедергілерді жою, тасымалдау үдерісін жақсарту, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, технологиялық үдерістерді басқару мен өзара бірлескен шараларды жүзеге асыру қарастырылады.

Отырыста Кеден Одағы аясындағы техникалық регламенттерді реттеу мен нормативтік базаны қалыптастыру жайы аталып өтілді. Онда Еуразиялық Одаққа қатысушы мемлекеттердің темір жол көлігі саласын техникалық реттеу маңызды болып табылады. Отырысқа бақылаушы ретінде «Қырғыз темір жолы» Ұлттық компаниясы» МК өкілдері қатысты.

 

Барлық жаңалықтар