• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н. Назарбаев пен А. Лукашенко келіссөздер қорытындысы бойынша екіжақты келісімге қол қойды

Н. Назарбаев пен А. Лукашенко келіссөздер қорытындысы бойынша екіжақты келісімге қол қойды

5 Қазан, 2013 15:17

«Біз бүгін және кеше Александр Лукашенкомен бірқатар келіссөздерді жүргізіп, нәтижесін байқадық. Біздің болашақ жұмысымызды айқындайтын екіжақты келісімге қол қойып, келіссөздердің нәтижесін қорытындыладық», - деді Н. Назарбаев.  

Мемлекет басшысы атап өткендей, екіжақты ынтымақтастықтың тиімді бағыттары қарастырылды, қорытындысында екіжақты келісімге қол қойылды.

«Бұл құжат біздің елдер арасында ынтымақтастықты нығайтуға өз септігін тигізеді. Бұл қадам барлық бағыттың қарқынды дамуына әсер етеді деген үміттемін. Қазақстандық диаспора өкілдері біздің ел арасындағы көпір қызметін атқара отырып мәдениет орталықтарында тоғысып, Қазақстанның дамуына үлес қосуда», - деді Президент.

 

Барлық жаңалықтар