Ақмола облысынды Кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығы ашылды

13 Наурыз, 2015 09:21
Ақмола облысының Целиноград ауданында Кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығы ашылды.

ҚР ҰКП хабарлауынша, Ақмол ауылында кәсіпкерлікті дамыту үшін барлық көрсетілетін қызметтер алаңын жасақтау аталмыш салаға серпін береді.

Бизнес-вумен Әлия Ибраеваның айтуынша, КҚКО бірінші кезекте кәсібін жаңадан басатағандар үшін қажет.

«Жаңадан кәсібін бастаған кәсіпкерлер көптеген мәселелерді біле бермейді, сондықтан оларға кәсіби мамандардың қолдауы, кеңесі керек», - деді Ә.Ибраева.

Естеріңізге сала кетейік, Кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығын ашу бастамасын ҰКП мен Ұлттық экономика министрлігі бірлесіп көтерді. Олардың көрсететін қызметі кәсібіңді ашудан бастап оны тиімді басқаруға дейін қамтиды.

Барлық жаңалықтар