Ақмола облысында теңдесі жоқ туристік-мейманхана кешені ашылды

12 Наурыз, 2015 16:24
Ақмола облысының Зеренді ауданында «Аңсат» деген атаумен теңдесі жоқ туристік-мейманхана ашылды, деп хабарлайды «Ақмола Медиа Орталығы».

Кешен Мемлекет басшысының Зеренді демалыс аймағының туристік инфрақұрылымын дамыту туралы тапсырмасының аясында іске қосылды және ол өзен жағалауындағы өте ыңғайлы аймақта орналасқан. Демалыс кешенінің ресторан залының дизайынына еуропалық және ұлттық нақыштағы үздік туындылар пайдаланылған. Аталмыш кешеннің лентасын қию мәртебесі облыстың туризм ведомствосының басшысы мен осы демалыс кешенінің құрылтайшысына берілді.

Хабарламада айтылғанындай, аталмыш нысан ресторан кешенінің түрлі қызметтерінің ауқымдылығымен қатар, отбасылық және корпоративті демалыстарды да ұйымдастыратындығымен ерекшеленеді. Мұндағы жеке орналасқан ағаштан салынған үйлерде жеке өзінің ас үйі мен душ кабиналары, барлық жағдайлар жасалған моншасы да бар.      

«Қалың көпшілік белсенді демалатын жаз мезгілі басталғанша мұнда ыңғайлы жолдар салынып, жағажай аймағы абаттандырылып, ойын-сауық құруға барлық ыңғайлы жағдайлар жасалатын болады және олар балалар үшін де ересектер үшін де бірдей болады»,-делінген хабарламада.

   

 

Барлық жаңалықтар