Түркияда Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған конференция өтті

12 Наурыз, 2015 19:08
Анкараның «Хажеттепе» университетінде Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің қолдауымен «Қазақстан және Қазақ хандығының 550-жылдығы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтт36 деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.

Шараға «Хажетепе» университетінің ректоры Мурат Тунжер, ҚР-ның ТР-дағы Елшісі Жансейіт Түймебаев, Қ.А. Яссауи атындағы Қазақ-Түрік халықаралық университетінің Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Осман Хората, Түркі академиясының президенті Дархан Қыдыралы, Түркітілдес мемлекеттері Ақсақалдары кеңесінің мүшесі және ҚР Парламенті Сенатының экс-депутаты Әділ Ахметов, Анкара дипломатиялық корпусының өкілдері, Түркияның әйгілі академиялық және қоғамдық-саяси қайраткерлері қатысты.

Ж. Түймебаев Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған іс-шараны ұйымдастырғаны үшін «Хажетепе» университетінің басшылығына алғысын білдірді. Ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында Қазақ хандығының 550 жылдығын 2015 жылы атап өту туралы ұсынысы осы тарихи оқиға айналасында біраз қызығушылық тудырып, тек Қазақстанда ғана емес, шет елдерде де қоғамдық резонансқа септігін тигізгенін атап өтті.

«Хажетепе» университетінің ректоры конференцияны ашу рәсмінде сөз сөйлеп, Қазақстан Түркия үшін стратегиялық серіктес мемлекет екенін атап өтіп, екі ел арасындағы гуманитарлық ынтымақтастықты белсенді жалғастыруға әзір екенін білдірді.

«Бұл оқиға тек Қазақстан халқы үшін ғана емес, жалпы түркі әлемі үшін ерекше іс-шара екен деп білемін. 550-жылдық – өткен заманның санағы ғана емес, еңсеруді қажет ететін болашақ белес. Бұл – ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру мүмкіндікдіктерінің бірі», - деп айтты М. Тунжер.

О. Хората түркітілдес мемлекеттердің тарихы және мәдени дәстүрін зерттеуде ортақ күш-жігердің қажеттілігін атап өтті. Осыған орай, Қазақ хандығының 550-жылдығын атап өту іс-шарасы мемлекет қалыптасуының терең тамырларын мойындатқызып, бауырлас Қазақстан жерінде мемлекеттіліктің тарихи дәлелін келтіретін болады.

Конференция барысында «Түркі тарихындағы Қазақ хандығының рөлі», «Қазақ тілі және түркі тілдердің дамуы», «Қазақ хандығы тарихын зерттеу жөніндегі жаңа деректер» және т.б. секциялық отырыстар ұйымдастырылды.

 

Барлық жаңалықтар