- Басты
- Жаңалықтар
- Канаданың Манитоба провинциясынан келген делегация Қазақстанның ауыл шаруашылығы индустриясымен танысуда
Канаданың Манитоба провинциясынан келген делегация Қазақстанның ауыл шаруашылығы индустриясымен танысуда
Аталып өткендей, делегация құрамына Канаданың жетекші ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілері мен Манитоба провинциясы Үкіметінің сауда мен инветицияны дамыту бөлімінің өкілдері кірді.
Сапар аясында делегация Ақмола облысының Жақсы ауданындағы жетекші астық шаруашылығының жұмысымен танысты.
«Ауыл шаруашылығы заманауи экономикалық, әлеуметтік және индустриалды дамудың діңгегі болып табылады. Ол азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, көптеген адамдардың жұмысқа орналасуына септігін тигізеді. Қазақстан Үкіметінің ауыл шаруашылығы индустриясы мен фермерлік бизнеске қолдау көрсетуі экономиканы әртараптандырудың жарқын үлгісі. Елші ретіндегі 6 ай қызметімде ауыл шаруашылығының аймақтардың өмірінде қандай рольге ие екенін байқадым. Менің туған қаламда да ауыл шаруашылығына үлкен басымдылықтар берілген», - деді «Агри-Тек» көрмесінің ресми ашылуында ҚР-дағы Канада Елшісі Шон Стайл.
Сонымен қатар, делегация Астанада елдің ауыл шаруашылығы индустриясымен танысу және жаңа сауда серіктестерін табу үшін аптаның аяғына дейін болмақшы.
Айта кетерлік жайт, канадалық Манитоба провинциясы табиғи-климаттық жағдайы бойынша Солтүстік Қазақстан облысымен ұқсас. Ауыл шаруашылығы саласы канадалық-қазақстандық ынтымақтастықтың ең белсенді дамып келе жатқан бағыты.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Әйелдердің ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
Балық шаруашылығын дамыту: Қолға алынған шаралар -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары