- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс азаматтық процестік кодекс жобасын бірінші оқылымда мақұлдады
Мәжіліс азаматтық процестік кодекс жобасын бірінші оқылымда мақұлдады
Қабиболла Жақыпов съезде алдағы президенттік сайлауға Нұрсұлтан Назарбаевты кандидат ретінде ұсыну туралы шешім қабылданғанын айта келіп, аталған жиында сөз алған еліміздің әр аймақтарынан келген делегаттардың қазіргі Президенттің қазақстандық мемлекеттілікті қалыптастырудағы теңдессіз рөліне айрықша назар аударғанын баса атап өтті. Сондай-ақ, Палата Төрағасы Мәжілістің депутаттық корпусы халықтың өмірін жақсарту үшін Елбасы жүктеген қоғам мен мемлекет алдында тұрған бес басым бағытты жүзеге асыру жолында бар күш-жігері мен білімін жұмсайтынына сендірді.
Одан әрі жалпы отырыстың күн тәртібіндегі негізгі мәселелер қаралып, Мәжіліс Елбасының сот жүйесін дамытуға қатысты жүктеген тапсырмасына сәйкес әзірленген, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексі жобасын, азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша ілеспелі түзетулермен бірінші оқылымда мақұлдады.
Кодекске істі сот талқылауына дайындау сатысын жетілдіруге, істі сот талқылауына дайындау барысында және бірінші сатыдағы сотта дәлелдемелерді ұсыну тәртібін жақсартуға, азаматтық процесте адвокатураның рөлін күшейтуге, медиация институтын кеңінен қолдану, оны судья тараптардың өтінішхаты бойынша жүргізуге, дауларды сотқа дейінгі реттеуді кеңейтуге, азаматтық процестегі тараптар өкілдігінің институтын жетілдіруге, азаматтық сот іс жүргізуінде ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндігін барынша кеңейтуге қатысты жаңашылдықтар енгізілген.
Кодекс жобасының тағы бір айрықша мәні-инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі соттардың мамандандырылған құрамдарын енгізу. Бұл шара инвестицияларды құқықтық қорғауды арттыруға, бизнесті жүргізудің қолайлы шарттарын құруға бағытталған.
Аталған Кодекс жобасы бойынша депутаттардан, тұрақты Комитеттерден, саяси партиялар фракцияларынан және Мәжілістің заңнама бөлімінен 300-ден астам ескерту мен ұсыныс түскен.
Осы күні халық қалаулылары екі ратификациялық заң жобасы бойынша, атап айтқанда, 2009 жылғы 6 қазандағы Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесін және ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін құру мен пайдалану шарттары туралы қазақстандық-франциялық келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы Қазақстан Республикасының Алматы қаласында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі географиялық жағынан қашық орналасқан офисін ашу туралы келісімді ратификациялауға қатысты бейінді комитетке қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындады.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы -
Азаматтық авиация: Ұшу қауіпсіздігі, әуежайларды жаңғырту және маман тапшылығы мәселесі -
АҚДМ қорытындысы: Азаматтық қоғам, ҮЕҰ-нің жұмысы, жастар мен қандастар мәселесі -
Мәжіліс: Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға қатысты заң жобасы мақұлданды -
«Ашық» жобасының iске асырылуы -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері