• Басты
  • Жаңалықтар
  • Маңғыстау облысының жастары Н. Назарбаевтың ҚР Президентіне үміткерлікке өз кандидатурасын ұсынуын атап өтті (Фото)

Маңғыстау облысының жастары Н. Назарбаевтың ҚР Президентіне үміткерлікке өз кандидатурасын ұсынуын атап өтті (Фото)

11 Наурыз, 2015 17:49
Бүгін Маңғыстау облысының жастары Н.Ә. Назарбаевтың ҚР Президентіне кандидатурасын ұсынғанын қолдау мақсатында акция ұйымдастырды.

Хабарланғандай, акцияға 2000 адам қатысты - паркурщиктер, воркаутшылар, скейтерлер, граффитисттер, рэпперлер, бишілер, жасотандықтар, сонымен қатар жастар қозғалысының белсенділері. Жаңаөзен қаласының жас рэпперлері Президентке жастардың атынан рэп оқыды.

Жас спротшылар көше спортының түрлері бойынша мастер класс жасап, шоу (скейтборд, воркаут және т.б.) көрсетті. «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері үгіт-насихат жұмыстарымен айналысатын еріктілерді тіркейтін мобильді пункт ашты, граффитисттер Қазақстандықтарға арналған құттықтау ашық хатын салды.

Акцияның қорытындысы жастардың Н.Ә. Назарбаевтың  ҚР Президентіне үміткерлікке кандидатурасын ұсыну туралы шешіміне қуанышты екендігін және алдағы сайлауда Елбасыны қолдауға дайын екендіктерін көрсетті.

 

 

Барлық жаңалықтар