Қазақстан құрамасы семсерлесуден өткен Азия чемпионатынан оралды

11 Наурыз, 2015 20:27
Семсерлесуден Қазақстан құрамасы жасөспірімдер мен кадеттердің арасында өткен Азия чемпионатынан бір алтын, екі күміс және алты қола жүлде қанжығасына байлап келді, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігі.

Өскемендік Вадим Шарлаимов жартылай финал мен финалда жапондық сайысшыларды жеңіп, семсермен сайысудан Азия чемпионы атанды. Сонымен қатар Шарлаимов Александр Келлерман, Владислав Семенов және Сергей Акентьевпен бірлесіп, командалық жарыстардың қола жүлдесін иеленді.

Екі күміс жүлде алдаспаншылар Нұржан Кәрім мен Әйгерім Сарыбайдың үлесіне тиді. Жарыстың соңғы күні өткен командалық сайыста Қазақстан қоржыны жаңа қола жүлделермен толықты. Құралай Сейдахметова, Каролина Каримова және Кристина Проводниковалардан тұратын рапира мен Дана Аманжолова, Айбике Хабибуллина, Екатерина Игина және Әйгерім Сарыбайдан тұратын қылыш әйелдер құрамалары ерекшеленген болатын.

Барлық жаңалықтар