- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Назарбаев: «Мәңгілік ел» идеясы еліміздің маңызды құжатына айналуы тиіс
Н. Назарбаев: «Мәңгілік ел» идеясы еліміздің маңызды құжатына айналуы тиіс
«Кең ауқымды орта тап ұлттық бірлікті қалыптастырудың өзегі іспеттес, жалпыазаматтық құндылықтар жүйесі «Мәңгілік ел» болуы керек. Мемлекеттің екінші Конституциясы ретінде рәсімделген мемлекеттің маңызды құжаты, біз бұны Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында назарға алып, барлығымызға да ұғынықты болатын «Мәңгілік ел» құжатын дайындауымыз керек»,-деп мәлімдеді Нұрсұлтан Назарбаев.
Осы ретте Елбасы «Мәңгілік ел» құндылықтарын оқыту бағдарламасын республика мектептеріне енгізуді ұсынды. Қазақстандық «Мәңгілік ел» идеясының құндылықтарын мектептегі оқу бағдарламасына енгізу керек. Барлығымызды біріктіретін құндылық «Мәңгілік ел» болуы керек. Мәңгілік ел бізге ортақ. Біріктіруші құндылықтар дегеніміз не? Ол азаматтардың теңдігі, еңбекқорлық және ар-ұждан тазалығы. Біздің сіздермен бірге болашақ ұрпақтарымыздың санасына сіңіруіміз тиіс білім мен ғылым, өркениетті мемлекет, төзімді ел, міне біздің құндылықтарымыз»,-деп қосты Елбасы.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада Елбасы, Партия көшбасшысы Н.Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының XVІ съезі өтуде. Съезге еліміздің барлық өңірінен 1200-ден астам делегат қатысуда, оның ішінде партияның облыстық мәслихаттардағы депутаттық фракцияларының басшылары, 200-ден астам бастауыш ұйым өкілдері, сондай-ақ 100-ден астам ардагер мен партия белсенділері бар.
Индира Кауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады