• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н. Назарбаев: 2015-2019 жылдарға арналған ИИДМБ индустрияландырудың бірінші бесжылдығында кеткен олқылықтарды түзетуі тиіс

Н. Назарбаев: 2015-2019 жылдарға арналған ИИДМБ индустрияландырудың бірінші бесжылдығында кеткен олқылықтарды түзетуі тиіс

11 Наурыз, 2015 15:01
2015-2019 жылдарға арналған ИИДМБ индустрияландырудың бірінші бесжылдығында кеткен олқылықтарды түзетуі тиіс, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының XVІ съезінде.

«Біз бірінші бесжылдықты индустрияландыру мен өңдеу саласына жатқызғанмен, әлі де экономикалық өсімнің шарықтау шегіне жеткен жоқпыз. Мүмкін бұл тұңғыш рет болғандықтан, басқа кәсіпорындар мен жоспарларды құрған болармыз, бірақ екінші бесжылдық мұндай олқылықтарды жібермей, оларды түзетуі керек, Үкімет бұл мәселені шешуі тиіс. Индустрияландыру индустрияландыру үшін емес, бәсекеге қабілетті өнім шығаруы тиіс. «Қазақстанда жасалған», «Made in Kazakhstan» - міне бізге керегі», - деді Елбасы.

Елбасы атап өткендей, Қазақстанға экономиканың негізгі салаларын дамыту бойынша маңызды міндет қойылуда.

«Бірақ, мұның барлығы біздің негізгі салалар – мұнай-газ кешені, тау-кен металлургия саласы, химиялық тыңайтқыштар – мемлекеттің негізгі жұмысы, оларды әрі қарай дамыту қажет, себебі ол біздің әлеуетіміз», - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бүгін Астанада «Нұр Отан» партиясының XVІ съезі өтуде, шара барысында «Нұр Отан» партиясы съезінің делегаты бірауыздан  Н.Назарбаевты ҚР Президенттігіне үміткер ретінде ұсынды.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар