- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Назарбаев: Құқық қорғау органы қызметкерлерінің мәртебесін көтеріп, олардың азаматтар алдындағы жауапкершілігін арттыру керек
Н. Назарбаев: Құқық қорғау органы қызметкерлерінің мәртебесін көтеріп, олардың азаматтар алдындағы жауапкершілігін арттыру керек
«Құқық қорғау органы қызметкерлерінің мәртебесін көтеріп, олардың азаматтар алдындағы жауапкершіліктерін артыру керек. Елде ақпараттық технологияларды дамыту, полицияның шолғыншылар қызметін бейнетіркегіштермен қамтамасыз ету сияқты құқық қорғау органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ететін кең ауқымды шараларды ойластыру қажет. Кәсіби психологиялық іріктеудің жаңа, тың жүйелерін енгізіп, біліктілік деңгейін ұдайы бақылап отыру керек»,-деді Елбасы.
Мемлекет басшысы сондай-ақ 5 институционалды реформаның бірі заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталғандығын атап өтті. «Еліміздегі экономикалық өсімді қамтамасыз ететін меншік құқығын қамтамасыз ету, кәсіпкерлік қызметіне жағдай жасау, келісімдік міндеттердің орындалуын қорғау сияқты шараларды жүзеге асыратын тәуелсіз сот болуы керек. Бүгінде сот жүйесінің ең әлсіз тұсы - судьяларды іріктеу, судьяларға қойылатын біліктілік талаптарының тиімсіздігі жемқорлық әрекеттеріне әкеліп соқтыруда», -деп жалғады сөзін Ұлт көшбасшысы.
«Біз көптеген бағыттар бойынша алға шықтық, тап осы сала бойынша ілгері жылжи алмай отырмыз. Судьялар қоғам үшін жабық болмауы керек және олар сынды көтере алатын болуы қажет. Ашықтық пен сын – жемқорлықтан айықтыратын дәрі еспеттес. Сонымен қатар ішкі істер саласы да қоғам үшін құпияға айналған. Полиция қоғам өкілдерінің сеніміне ие болуға ұмтылуы керек», - деп жалғады сөзін Нұрсұлтан Назарбаев.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада «Нұр Отан» партиясының кезекті XVI съезі өтіп, онда «Нұр Отан» партиясының атынан қатысқан делегаттардың шешімімен Нұрсұлтан Назарбаев бірауыздан ҚР Президенттігіне кандидат болып ұсынылды.
Индира Кауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады