• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада халықаралық автокөрмеде экологиялық электромобильдер көрсетіледі

Астанада халықаралық автокөрмеде экологиялық электромобильдер көрсетіледі

6 Қазан, 2013 14:49
«EXPO-2017» Халықаралық көрмесінің өтуіне орай Қазақстанда көлік көрмесінде алғаш экологиялық және дыбыссыз электромобильдерді көрсетеді, деп «ExpoGroup» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

«ExpoGroup» халықаралық көрме компаниясы  қазанның 10-12 жұлдызында  Астана қаласында  I Қазақстандық халықаралық автокөлік транспортының  «AIAS 2013» көрмесін ұйымдастырады.

«Көрмеге Германия, Япония, Чехия, АҚШ, Ресей, Корея, Қазақстан компаниялары қатысады. «EXPO-2017» көрмесін өткізу қарсаңында «AIAS-2013» көрмесінде экологиялық және дыбыссыз электромобильдер көрсетіледі», - деп хабарламада нақтыланған.

Шарада көліктерді техникалық қамсыздандыру жағынан жәдігерлер ұсынылып, қатысушы компаниялар тарапынан конкурстар ұйымдастырылады.

Көрмені ұйымдастырушылар: Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен  «Expo Group» компаниясы, Астана қаласының әкімдігі, «KAZNEXINVEST» және  «NADLoC» агенттіктері.

Барлық жаңалықтар