• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н. Назарбаев: Индустрияландыру - бұл экономиканың құралы ғана емес, мемлекет дамуының маңызды факторы

Н. Назарбаев: Индустрияландыру - бұл экономиканың құралы ғана емес, мемлекет дамуының маңызды факторы

11 Наурыз, 2015 14:05
Индустрияландыру - бұл экономиканың құралы ғана емес, бұл мемлекет дамуының маңызды факторы, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының XVІ съезінде.

«Сапалы өсім мен экономиканың әртараптандырылуы үшін біз индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асырудамыз. Ол қажетті өзіндік шара болып есептеледі. Индустрияландыру - бұл экономиканың құралы ғана емес, бұл мемлекет дамуының маңызды факторы. Индустрияландыру – шикізаттан экономика құрып, осы сынды екінші экономиканы қайта құру», - деді Президент.

Н.Назарбаевтың айтуынша, Қазақстан үшін басқа экономика болған жоқ. «Бізде ешқашан индустрияландыру болған емес, кеңес одағы үшін біз шикізат көзі ғана болдық. Мен ол шикізаттың осында өңделгенін қалаймын, біз ол арқылы қомақты қаржы жасай аламыз», - деді Елбасы.

Индустрияландыру экономиканың құралы ғана емес, индустрияландыру – мемлекет дамуының маңызды факторы», - деді Н.Назарбаев.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада Елбасы, Партия көшбасшысы Н.Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының XVІ съезі өтуде. Съезге еліміздің барлық өңірінен 1200-ден астам делегат қатысуда, оның ішінде партияның облыстық мәслихаттардағы депутаттық фракциялары басшылары, 200-ден астам бастауыш ұйым өкілдері, сондай-ақ 100-ден астам ардагер мен партия белсенділері бар.

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар