- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Назарбаев жаңа 5 институттық реформаны ұсынды
Н. Назарбаев жаңа 5 институттық реформаны ұсынды
«Мен қалай Президент болу керек және не істеу керек деген сұраққа талай жауап бердім, президенттік сайлауға қатысу үшін бағдарламасы, мақсаты болуы керек, сайлауға жайдан жай барудың қажеті жоқ. Мен жаңа 5 институттық реформаларды ұсынамын. Біз оған келдік, біріншісі экономикалық және мемлекеттік қызмет көрсету бағдарламаларына жауап беретін кәсіби мемлекеттік автономды аппаратты құру», - деп мәлімдеді Н.Назарбаев.
Елбасының айтуынша, мемлекет бұл салада жұмысын бастап кетті. «Бізде «А» және «Б» корпустары бар. Адамдарды жұмысқа байқау бойынша қабылдай бастадық. Бүгінде мемлекеттік қызмет әкімшілігі саясат деңгейіне байланысты екенін байқамауға болмайды. Белгілі бір қолдаушының өзінің командасы жасақталады. Бұл Кеңес одағының сарқыншағы. Егер бір министр жұмыстан кетсе онымен бірге бүкіл топ кетеді. Бұлай болмау керек», - деді Қазақстан Президенті.
Ұлт көшбасшысы бұл ретте мемлекеттік қызметтің жалақының аздығынан азаматтарды аса қызықтыра бермейтін секторлардың біріне айналғандығын атап өтті. «Көп жағдайда мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарының өсуінің нақты тәртібі жоқ, олардың қызметте өсуі «қамқоршыларына» байланысты. Мен өзім ұсынған маңызды деген мемлекеттік жобалардың түрлі деңгейдегі кейбір шенеуніктердің біліксіздіктерінен зардап шегіп отырғандығын білемін»,- деп нақтылады Президент.
Сонымен қатар Н.Назарбаев сайлау, министрлер мен әкімдердің және өзге де жетекшілердің қызметін ауыстыруы әкімшілік мемлекеттік қызметке зардабын тигізбеуі керектігін атап өтті. «Мұндай тәртіп Германия мемлекетінде 100 жылдан бері бар. Ұлыбритания мен Францияда да тәртіп осы тәжірибеден басталды. Кейбіреулері сайлау арқылы сайланатын жетекшілер қызметтерін ауыстыра береді. Ал, мемлекеттік аппарат - іскерліктің сақтаушысы, оның қолында болған нәрсе де болатын дүние де бар, ол басқару керек, бұдан мемлекет зардап шекпейді», -деді Мемлекет басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада Елбасы, Партия көшбасшысы Н.Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының XVІ съезі өтуде. Съезге еліміздің барлық өңірінен 1200-ден астам делегат қатысуда, оның ішінде партияның облыстық мәслихаттардағы депутаттық фракциялары басшылары, 200-ден астам бастауыш ұйым өкілдері, сондай-ақ 100-ден астам ардагер мен партия белсенділері бар.
Индира Кауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады