Н. Назарбаев қазақстандық өнімдерді тұтынуға шақырды

11 Наурыз, 2015 12:26
Қазақстандық өнімдерді тұтыну керек, деді Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» партиясының көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өтіп жатқан «Нұр Отан» партиясының кезекті XVI съезінде.

«Мен барлықтарыңызға дүкендер мен сауда орындарының ең көрікті жерлерінде «Қазақстанда жасалған» атты бұрыштарды дайындауды тапсырғанмын. Бұл жай ғана сөз емес және бұл жай ғана халыққа жолданған кезекті үндеу емес. Бұл барлық қазақстандықтар үшін патриоттық акті болуы керек. Егер бізде барлығы бар болсын десек, бізге тек өзіміздікін ғана тұтынуымыз керек. Біздікінің барлығы экологиялық жағынан таза екеніне біз кепілдік береміз»,-деп мәлімдеді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы Бүкіләлемдік Денсаулық Сақтау ұйымының мәліметтерінше, адам ағзасына ең пайдалы өнімдер, оның туған жеріндегі өнімдер екенін, тіпті туған жердегі  судың да пайдасы зор екенін атап өтті.  «Біздің кәсіпкерлер өндірген өнімдер ешкімдікінен де кем болмауы тиіс, кәсіпкерлер соған ұмтылулары керек», - деп жалғады сөзін Нұрсұлтан Назарбаев. 

Айта кетейік, съезге еліміздің барлық өңірінен 1200-ден астам делегат қатысады деп жоспарлануда, оның ішінде партияның облыстық мәслихаттардағы депутаттық фракциялары басшылары, 200-ден астам бастауыш ұйым өкілдері, сондай-ақ 100-ден астам ардагер мен партия белсенділері бар.

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар