• Басты
  • Жаңалықтар
  • Р. Ошақбаев: Бизнес қауымдастық мемлекетімізді тек Н. Назарбаев қана алға ілгерілете алатынына сенімді

Р. Ошақбаев: Бизнес қауымдастық мемлекетімізді тек Н. Назарбаев қана алға ілгерілете алатынына сенімді

11 Наурыз, 2015 12:02
Бизнес қауымдастық мемлекетімізді тек Н. Назарбаев қана алға ілгерілете алатынына сенімді, деп хабарлады «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев.

«Құрметті делегаттар, Н.Назарбаевтың басшылығымен жүргізілген үлкен реформалар мен қайта өзгертулерден қамқорлық пен бизнеске қолдау көрсету айқын сезіледі. Кәсіпкерлер қауымы біздің Елбасымызды қолдайды», - деді  Р. Ошақбаев.

Р. Ошақбаев атап өткендей, бизнес үшін бастысы  тұрақтылық, бірлік, келісім және ол тек біздің Көшбасшымыздың қолынан ғана келеді.

«Н. Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан көптеген аумалы төкпелі заманнан абыроймен өтті.  Бизнес қауымдастық  мемлекетімізді тек Ұлт көшбасшымыз ғана алға ілгерілете алатынына сенімді», - деп толықтырды Ошақбаев.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар