• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚХА Н.Назарбаевты ҚР Президенттігіне лайықты кандидатура деп бірауыздан қолдады

ҚХА Н.Назарбаевты ҚР Президенттігіне лайықты кандидатура деп бірауыздан қолдады

11 Наурыз, 2015 11:51
Қазақстан халқы Ассамблеясы Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын ҚР Президенттігіне лайықты деп бірауыздан қолдады, деді ҚХА төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің Бюро мүшесі Анатолий Башмаков.

«Сайлауды  қоғамның сенімін қамтамасыз ететін көрсеткіш және жалпыхалықтық сенім мандаты деуге болады. Сыртқы саяси және экономикалық тәуекелдердің ықпалына қарамастан, мемлекет аяғын нық басып тұр әрі тұрақтылықты сақтауда.  Біз Отанымыздың тағдыры, ұрпақ болашағы, болашаққа деген сенім сияқты  ең басты құндылықты сақтап қалдық. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасы Қазақстанның Президенттігіне лайықты деп бірауыздан қолдады»,-деді Анатаолий Башмаков.

Бұл ретте ол 14-ші ақпанада  ҚХА-ы өкілдерінің биылғы жылы кезектен тыс Президент сайлауын өткізу жөнінде бастама көтергендігін және бұл сайлаудың оңтайлы шешім әрі Қазақстан халқының тілегі екендігін атап өтті. 

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар