- Басты
- Жаңалықтар
- Батыс Қазақстанда бейбітшілік пен келісім мегажобасы өтті
Батыс Қазақстанда бейбітшілік пен келісім мегажобасы өтті
Облыстың ішкі саясат басқармасы өкілдерінің хабарлауынша, Жәнібек ауданының өкілдері қонақтарды қазақтың салт-дәстүрі бойынша, салт атпен қарсы алып, сәлемдерін добмбырамен ән айту арқылы жеткізді. Көршілес аудандардың мектеп оқушылары бейбітшіліктің нышаны мен достастықтың белгісі ретінде аспанға көгершіндерін ұшырды.
Кездесуден соң көршілес аудандардың өкілдері Кеңес Одағының батыры Мәншүк Маметова мен Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған мемориалға гүл шоқтарын қойып, соғыс құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Гүл дестесі ақын, қоғам қайраткері Ғұмар Қарашевтің да ескерткішіне қойылды. Бұдан соң кездесудің бағдарламасы бойынша көршілес аудандардың командалары кіші футболдан жолдастық кездесу өткізді.
Сондай-ақ екі ауданның өкілдері «Бейбітшілік пен келісім – Қазақстандағы сайлау» атты дөңгелек үстел отырысында өзара пікір алмасты. Отырыстың соңында Қазталов пен Жәнібек аудандары арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойылды. Кездесудің соңы Казталов ауданы өнерпаздарының дайындаған гала-концертіне ұласып, артынан «Казталовтықтар отты жылдар» атты Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арнайы түсірілген документалды фильм көрсетілді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер