• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандық паралимпиадашылар Испаниядағы ашық чемпионатта 9 алтын медальға ие болды

Қазақстандық паралимпиадашылар Испаниядағы ашық чемпионатта 9 алтын медальға ие болды

11 Наурыз, 2015 16:57
Мадридте өткен Испанияның ашық чемпионатында қазақстандық паралипиадашылар тоғыз алтын, алты күміс және төрт қола жүлде қанжығаларына байлады.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі хабарлағандай, жарыстағы бұл жетістіктер әлем чемпионаты мен Паралимпиалық ойындарға жолдама алуға қажет нормативтерді орындаудың тағы бір сәтті қадамы болып табылады.

Еске салып кетсек, Қазақстан паралимпиалық құрамасының екі спортшысы – әлемнің алты дүркін рекордсмені Зульфия Габидуллина мен Инчхонда өткен Азия паралимпиалық ойындарының бес дүркін чемпионы Ануар Ахметов бұл нормативтерді орындап қойған болатын.

 

Барлық жаңалықтар