• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЕЭА коллегиясы ЕАЭО-ның ортақ электр энергия нарығы тұжырымдамасын мақұлдады

ЕЭА коллегиясы ЕАЭО-ның ортақ электр энергия нарығы тұжырымдамасын мақұлдады

11 Наурыз, 2015 16:41
Ағымдағы жылдың 10 наурызында өткен Еуразиялық экономикалық комиссияның коллегия отырысында сауда, энергетика мен инфрақұрылым саласындағы мәселелер қаралды.

Аталып өткендей, ЕАЭ комиссияның Одаққа мүше мемлекеттердің ведомстволары және министрліктерімен бірлесіп жасақтаған Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) ортақ электр энергия нарығы (ОЭН) тұжырымдамасы мақұлданды.

«Құжат Армения, Беларусия, Қазақстан мен Ресей мемлекеттерінің және ЕЭК жанындағы электрэнергетиканың кеңес беру комитетімен келісілді. ЕАЭО туралы келісімге сәйкес 2019 жылы ортақ электр энергия нарығы жасақталуы тиіс. Тұжырымдамада оны құрудың негізгі міндеттерімен мақсаттары және оны құру кезеңдері анықталған», - делінген ЕЭК хабарламасында.

Бұдан басқа,ЕЭК Коллегиясының мүшелері 2016-2025 жылдарға арналған мүше-мемлекеттердің аумағында тіркелген тасымалдаушылардың жүк тасымалын кезең-кезеңімен ырықтандыру бойынша бағдарламасын бекітті.

Құжаттар Еуразиялық экономика комиссиясы кеңесінің қарауына жіберіледі.

Барлық жаңалықтар