• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада Н.Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының XVІ съезі өз жұмысын бастады

Астанада Н.Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының XVІ съезі өз жұмысын бастады

11 Наурыз, 2015 11:07
Астанада Елбасы, Партия көшбасшысы Н.Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының XVІ съезі өз жұмысын бастады.

Съезге еліміздің барлық өңірінен 1200-ден астам делегат қатысады деп жоспарлануда, оның ішінде партияның облыстық мәслихаттардағы депутаттық фракциялары басшылары, 200-ден астам бастауыш ұйым өкілдері, сондай-ақ 100-ден астам ардагер мен партия белсенділері бар. 

Тұңғыш рет съездің 20 пайыз делегаты – бастауыш партия ұйымдардың жетекшілері.

Таяуда «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің шешімімен күн тәртібі анықталды: олар – «Нұр Отан» партиясы атынан ҚР Президеттігіне кандидат ұсыну туралы, партия Саяси кеңесі мен Орталық бақылау-ревизиялық комиссияның есепті кезеңдегі жұмыс қорытындылары туралы; партия Саяси кеңесі мен Орталық бақылау-ревизиялық комиссияның мүшелерін сайлау туралы.

Съез барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан Жазушылар одағы, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалдары, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысады деп жоспарлануда.

Айта кетейік,  ҚР Президенті, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Н.Назарбаев партияның кезекті XVI Съезін шақыру туралы Қаулыға қол қойған болатын.«Нұр Отан» партиясы іскерлік белсенділік пен халықтың жұмыспен қамтылуын, сондай-ақ ИИД МБ екінші бесжылдығын жүзеге асыру міндеттерін қамтитын «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының негізгі бақылаушы күші болып табылады.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар