• Басты
  • Жаңалықтар
  • ИИДМБ: «Амангелді» кооперативі жылына 850 тоннаға дейін кептірілген балық өндіреді (Фото)

ИИДМБ: «Амангелді» кооперативі жылына 850 тоннаға дейін кептірілген балық өндіреді (Фото)

11 Наурыз, 2015 11:17
Атыраудың Дамба ауылдық округінде орналасқан «Амангелді» өндірістік кооперативі жылына 850 тоннаға дейін кептірілген балық шығаруға қауқарлы. Оның негізгі өнімі көзі Каспий теңізі мен Орал өзені болып отыр.

Айта кетерлігі, өндірістік кооператив ҮИИДМБ аясында құрылған, ол кептірілген, филе сынды сирек түр мен мұздатылған балық өнімдерін дайындайды. Кооперативте 100 адам еңбек етуде.

Қазіргі таңда кооператив жылына 850 тоннаға дейін балық өндіруге қауқары бар. Балықты қатыратын үлкен мұздатқыш тәулігіне 85 тоннаға дейін балықты сақтай алады. Сондай-ақ, кооператив жаңа ауланған балықты тәулігіне 93 тоннаға дейін сақтай алады. Сондай-ақ, 800 тонна сиымдылығы бар мұздатқыш камералары да бар. Оның температурасы -20 градусты құрайды.

Мұрат Әмірғалиевтің айтуынша, кооператив 2008 жылдан бастап  ИСО 9001:2001 стандартының сертификациясын өтті. 2009 жылдан бастап ИСО 22000:2006 азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздік менеджменті енгізілді.

Сондай-ақ, 2011 жылдың желтоқсанынан бастап кооператив Еуропалық одақтың импортышалырынң қатарына енді. 

Барлық жаңалықтар